中文版  |  English|  Қазақстан Республикасы

Campus Life

Қытайша оқылуы

Орталық Қытай педагогикалық университеті (CCNU) 1903 жылы құрылған және 1982 жылдан CCNU деп атын өзгерткен. Алдыңғы қатарлы, беделді университет ретінде «Ұлттық 211 көпсалалы жоба» тізіміне енген. Вухан қаласында орналасқан, тоғыз жолдың торабында, Оңтүстік көлінің жағасында Кьюзи тауының етегінде Кампусы бар.

Қазіргі таңда университетте 24 факультет (бөлім) 60-тан аса ғылыми институттар (орталықтар) бар. 54 бакалаврлық, 94 PhD докторлық және 184 магистрлік мамандыққа дайындайды. CCNU шетелдерден де студенттер қабылдайды. Қазір 30000 астам студент білім алуда, оның ішінде 8000 бакалавр, 1600-ге жуық шетелдік студенттер.

Ең алғашқы шетелдік студенттерді мемлекеттік грант негізінде қабылдаған бірден бір университет. Мемлекеттік кеңестің қолдауымен «Қытай тілін оқыту базасы» жұмыс атқарады. Университеттің халықаралық байланысы ауқымды, 70 мемлекеттің 100-ден аса университеттерімен өзара қарым-қатынаста, академиялық ұтқырлық және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Атап айтқанда: Америка, Албания, Жапон, Ресей, Франция, Жаңа Зеландия, Австралия, Вьетнам т.б. Университет шетелдік студенттерді 1965 жылдан бастап қабылдаған. Қазіргі таңда 140 –тан аса мемлекеттен 2700 студент ұзақ мерзімдік және білімін жетілдіру курстарында білім алуда.

Дүние жүзінің барлық білім алушыларын біздің университетке шақырамыз!

Download
Application Form
Application Form for CCNU Scholarship
Бізбен байланыс
Мекен жайы: Халықаралық Қатынастар колледжі, Орталық Қытай Педагогикалық Университеті (CICE) 152 Luoyu даңғылы, Ухань, Хубэй 430079 Қытай
Байланыс: Zhang Dujuan
Тел.:+86-27-67865209/67865602
Факс : +86-27-67863760/67866427
E-почта:cice@mail.ccnu.edu.cn
Beб.сайт:http://cice.ccnu.edu.cn